384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таиландта пілге мінген спортшылар поло ойнаудан жарысты

  • 643
  • UPD: 23:41, 09.03.2018

Таиландта король кубогы бәсеке тігілген турнир басталды. Сайыс шарты бойынша үміткерлер піл үстінде отырып, поло ойнайды.

Әр пілге екі адамнан жайғасуы тиіс. Бірі қолындағы таяқпен допты қақпаға соғуға талпынса, екіншісі пілге бағыт-бағдар беріп отырады. Әр кезең 30 минуттан тұрады. Тынығуға бір жарым сағат беріледі. Осы аралықта алып денелі жануарлар демалып, қайта күш жинайды. Биылғы жылдың ерекшелігі - шара қайырымдылық мақсатында ұйымдастырылды. Яғни түскен қаржы аң-құстарды бағып-қағуға және табиғатты қорғауға арналған жобаларға жұмсалады. Сайыс 11 наурызға дейін жалғасады. Қазірдің өзінде бір жарым миллон доллар қаржы түскен.

Скотт Каллатер, турнирге қатысушы:

- Полоны піл үстінде отырып ойнау қызық екен. Жылқы сияқты жылдам қозғалып, тез бұрыла алмайды. Есесіне өте күшті әрі кербез. Адамның ойындағысын түсініп, соның ыңғайына қарай қозғалатын сияқты. Өте ақылды жануар.

Хабар 24 телеарнасы