378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп Солтүстік Корея басшысымен кездесудің нәтижелі боларына сенеді

  • 440
  • UPD: 14:21, 11.03.2018

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен өтетін келіссөз нәтижелі болады деген сенімде.

Айтуынша, Пхеньян бейбітшілікті өзі қалап отыр. Сондай-ақ Ақ үй қожайыны келіссөздер кезінде Солтүтсік Корея зымыран сынақтарын тоқтатып, қарусыздану мәселесін қарастыруы да мүмкін екенін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Трамп Ким Чен Ынмен жүзбе-жүз кездесу туралы ұсынысты қабыл алды. Ол мамыр айында өтеді деп жоспарланған. Кездесудің нақты күні мен өтетін жері алдағы күндері белгілі болады. 

Дональд Трамп, АҚШ Президенті:

- Солтүстік Корея 2017 жылдың 28 қарашасынан бері зымыран сынақтарын өткізген жоқ. Кездесуге дейін мұндай әрекетке бармауға уәде етті. Олар сөзінде тұрады деп ойлаймын. Келіссөз нәтижелі болады деп үміттемін. Біздің татулығымызды жұрттың көбі қолдап отыр.

Хабар 24 телеарнасы