383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таиландта ойын-сауық нысандары орналасқан аудан өртенді

  • 544
  • UPD: 15:21, 11.03.2018
Таиландта ойын-сауық нысандары орналасқан аудан өртенді

Таиландтың Паттайя қаласында дәмханалар мен ойын-сауық орталықтары көп шоғырланған ауданда өрт шықты.

Бұл жер туристер арасында кеңінен танымал. Куәгерлердің айтуынша, от тұтанардан бұрын жойқын жарылыстың дыбысы естілген. Алдын ала болжам бойынша электр трансформаторы жарылған. Жәй-жапсары тексеріліп жатыр. Екі адамның денесін күйік шалып, олар ауруханаға түсті. Қаза тапқандар туралы дерек жоқ. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынды толығымен ауыздықтады.

Хабар 24 телеарнасы