389,91 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирия әскері Шығыс Гутаның жартыға жуық бөлігін бақылауға алды

  • 510
  • UPD: 15:31, 11.03.2018
Сирия әскері Шығыс Гутаның жартыға жуық бөлігін бақылауға алды

Сирия үкіметінің әскері Дамаск маңындағы Шығыс Гута аймағының жартысына жуығын өз бақылауына алды.

Бұл туралы Британияда орналасқан Сириядағы адам құқықтарын қорғау орталығы хабарлады. Қазір билік әскері Дума қаласын қоршауға алған. Сондай-ақ кейбір басылымдар Мисраб қаласы мен маңындағы ауылдар да билік жасағының қолына өтті деген ақпарат таратып жатыр. Мәліметтерге қарағанда Шығыс Гутадағы шаһарларды жекелей қоршау арқылы билік лаңкестерге келетін көмек жолдарын бөгемек. Дегенмен, бүлікші топтар Мисраб қаласының қоршауға алынғанын жоққа шығарды.

Айта кетейік, соңғы апталарда Шығыс Гутаға жасалған әуе соққыларының салдарынан 900-ден астам адам қаза тапты.

Хабар 24 телеарнасы