380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытай астанасы қайта түтінге тұмшаланды

  • 715
  • UPD: 21:12, 11.03.2018
Қытай астанасы қайта түтінге тұмшаланды

Қытай астанасы қайта түтінге тұмшаланып, одан төнген қауіп қызғылт-сары түске дейін көтерілді.

Осыған байланысты қалада отшашулар атып, далада ет және басқа да тағамдарды қуыруға тыйым салынды. Сонымен қатар құрылыс қоқыстарын уақытша шығаруға шектеу қойылды. Қоршаған ортаны қорғау бюросының мәлімдеуінше, бұл шаралар кем дегенде наурыздың 14-іне дейін жалғасады. Содан кейін шаһарда күн суытып, қаланы тұмшалаған түтін сейілуі тиіс.

Айта кетейік, Қытайда ауаның ластануы – өзекті мәселелердің бірі. 

Хабар 24 телеарнасы