387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боливия Чилимен соғыс кезінде айырылып қалған аймағын кері қайтаруды көздеп отыр

  • 521
Боливия Чилимен соғыс кезінде айырылып қалған аймағын кері қайтаруды көздеп отыр

Боливияда тұрғындар 200 шақырым жерге дейін көк ту жайып, ел билігінің он тоғызыншы ғасырда Чили құзырына өтіп кеткен жерді қайтарып алу қадамына қолдау білдірді.

Шара Апачета мен Оруро қалаларының арасындағы тасжолда өтті. Қазір Боливия билігі Чилимен соғыс кезінде айырылып қалған аймағын кері қайтарып, мұхитқа шығу мүмкіндігін қалпына келтіруді көздеп отыр. Дау Гаагадағы соттың қарауына ұсынылған. Істі тыңдау наурыздың 19-ы күні басталады. Боливия президенті Эво Моралестің айтуынша, ресми Сантьяго тап қазіргі таңдағы жағдайды ескеріп, даудың қос тарапқа да тиімді шешілуіне әрекет жасауы тиіс.

Эво Моралес, Боливия президенті:

– Қазіргі заманда біз мұндай мәселені күш қолдану немесе басқыншылықпен шешуді қаламаймыз. Біз істің бейбіт түрде шешіліп, еліміздің теңізге шығу мүмкіндігінің қайтып оралатынына үміттенеміз.

Хабар 24 телеарнасы