385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мыңдаған каталондық мүдделерін қорғайтын жаңа үкімет құруды талап етуде

  • 653
  • UPD: 12:32, 12.03.2018
Мыңдаған каталондық мүдделерін қорғайтын жаңа үкімет құруды талап етуде

Каталонияны тағы да ереуілдер шарпыды.

Автономиялық аймақтың көшелерінде мыңдаған адам Каталония тәуелсіздігі үшін бас көтерген.

Жергілікті полицияның дерегінше, наразылық шарасына 45 мыңдай каталондық қатысқан. Олар жергілікті заң шығарушылардан каталондықтардың мүддесін қорғайтын жаңа үкімет құруды талап етіп отыр. Ереуілді аймақтың тәуелсіздігі үшін күрес жүргізіп жүрген жетекші қоғамдық ұйым Каталонияның Ұлттық Ассамблеясы ұйымдастырған. Шеру «Республика қазір» деген ұранмен өткен. Айта кеткен жөн, Испаниядағы ахуал каталондық көшбасшылар 1 қазанда Испанияның Конституциялық сотының шешіміне қарамастан, тәуелсіздік туралы референдум өткізгеннен кейін күрт өршіп кетті. Сол кезде Каталония парламенті Испания құрамынан шығуға дауыс берген еді.

Агусти Алькоберро, Каталония Ұлттық Ассамблеясының вице-президенті:

– Каталония тұрғындары аймақтың егемендігіне қол жеткізгісі келеді. Бұдан былай біз өзімізді Испания корольдігінің азаматтары деп санамаймыз. Біз – Каталония Республикасының азаматтарымыз.

Хабар 24 телеарнасы