389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шығыс Гутадан 140-тан астам адам эвакуацияланды

  • 450
  • UPD: 14:42, 14.03.2018
Шығыс Гутадан 140-тан астам адам эвакуацияланды

Қақтығыс шиеленіскен Шығыс Гутадан 146 адам эвакуацияланды. Олардың қатарында балалар әйелдер мен қарттар да бар.

Барлығы ел астанасы Дамасктің солтүстік шығысындағы уақытша лагерлерге орналастырылды. Жергілікті арналардың хабарлауынша, балалар медициналық тексеруден өткізіліп, қажетті екпелер салынған. Біріккен Ұлттар ұйымының хабарлауынша, Шығыс Гутадан көшірілгендерге арналып екі шатыр дайындалды. Дегенмен бұл жеткіліксіз болуы мүмкін. Өйткені қақтығыс аймағын тастап шығуға ниетілер саны артып жатыр. Айта кетейік, Дамаскпен іргелес жатқан Шығыс Гута аймағында төрт экстремистік топ шоғырланған. Олар гуманитарлық дәліз арқылы аймақтан шығуға талпынған тұрғындарға оқ жаудырып, кетуіне кедергі келтіруде. 

- Бізді қамап ұстап отыр. Қаладан аттап шыға алмай қалдық. Жолдардың барлығын жауып тастаған. 

- Бір келі күріш 3 мың лира, қант 5 мың лира тұрады. Жұмыс деген атымен жоқ. Жақ ашып, шағым айта алмаймыз. 

- Барлығы қажыған, кеткісі келеді бұл жерден. Бірақ мүмкіндік жоқ. Мен шығып үлгердім. Көршілерім қалды. Олар да аман есен келеді деген үміттемін.

Хабар 24 телеарнасы