389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шығыс Гутадан 12 мыңнан астам адам сытылып шыққан

  • 343
  • UPD: 12:44, 16.03.2018

Оппозициялық күштер бекінген Шығыс Гута аймағынан 12 мыңнан астам адам сытылып шықты.

Мұндай мәлімдемені халықаралық бақылаушылар жасады. Олардың айтуынша, үкімет әскері шабуылдап жатқан ауданнан соңғы күндері тұрғындар жаппай көше бастаған. Бас сауғалап қашқандар Дума қаласына жақын жатқан гуманитарлық дәліз арқылы шыққан. Қазір заттарын буып-түйіп, бала-шағасымен аймақтағы қауіпсіз жолдар арқылы үдере көшкендер көп. Ал соңғы мәліметке қарағанда, үкімет күштері Хаммурия мекенін бақылауына алған. Сонымен қатар Дума қаласына тағы 137 тонна гуманитарлық көмек жеткізілген. Ал сарапшылар «Егер үкімет әскері Шығыс Гутаны азат етсе, бұл қадам 2016 жылғы Алепподан кейінгі ірі жеңіс болмақ» деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы