382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ыстамбұлда халықаралық кітап жәрмеңкесі ашылды

  • 632
  • UPD: 13:43, 18.03.2018
Ыстамбұлда халықаралық кітап жәрмеңкесі ашылды

Оған биыл әлемнің 20 елінен 350 баспа үйі қатысып отыр. Жәрмеңкенің тақырыбы «Оқы» деп аталады.

Яғни ұйымдастырушылар «Кітап – білім бұлағы» екеніне көптің назарын аударғысы келеді. Ол үшін баспа үйлері  де жәрмеңкеге әкелген кітаптарды 20-дан 50 пайызға дейін жеңілдікпен, қолжетімді бағада сатып жатыр. Кітаптың да жанрлары алуан түрлі. Сондықтан оқырмандар көптен іздеп жүрген туындыларын осы жерден тапты. Былтыр бұл жәрмеңкеге 400 мыңдай халық келген.

Ведат Урал, көрмеге келуші

– Кітап жәрмеңкесін мүмкіндігімізше өткізіп алмауға тырысамыз. Отбасымызбен келіп, өзімізге қажетті кітаптарды қарап жүрміз. Мысалы, ұлым көбіне сабағына қатысты оқулықтарды, ал мен әдеби романдар, тарихи шығармалар мен мамандығым бойынша кәсіптік кітаптарды сатып аламын. Бұл – менің биыл қатысқан 2-ші жәрмеңкем.

Энги Урал, көрмеге келуші

– Кітап жәрмеңкесін аралағанды жақсы көреміз. Мен осы күнге дейін 100-ге тарта кітап оқып тастадым. Қазір сынаққа әзірленіп жатырмын. Сол үшін тест кітаптарын қарап жүрміз.

 

Хабар 24 телеарнасы