389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Башар Асад Шығыс Гутаны аралады

  • 409
  • UPD: 13:20, 19.03.2018
Башар Асад Шығыс Гутаны аралады

Шығыс Гутадағы Сакба ауылының тұрғындары үйлеріне қайта оралып жатыр.

Өйткені бұл маңай билік әскерінің бақылауына өткен. Азат болған аудандарды Сирия президенті Башар Асад та аралап шықты. Ол үкімет жасағымен кездесіп, оларға жігер берді.

Айта кетейік, соңғы уақытта ресми Дамаск Шығыс Гутаны азат етуге бел шеше кірісті. Қарулы оппозиция мұнда 2012 жылдан бері билік құрған еді. Қазір аймақтың 80 пайыздайы үкімет әскерінің бақылауына өткен.

Башар Асад, Сирия президенті:

- Шығыс Гутадағы ахуалды көзіммен көріп, әскерилермен кездесу өткізбекпін. Көріп отырғандарыңыздай, халықтың көбі қайтып келіп жатыр. Бұл олардың билікке сенетінін байқатады. Өйткені үкімет халықтың шын жанашыры.

Хабар 24 телеарнасы