382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда смартфон жарылып, 18 жастағы қыз қаза тапты

  • 509
  • UPD: 17:11, 20.03.2018
Үндістанда смартфон жарылып, 18 жастағы қыз қаза тапты 112.ua

Үндістанда 18 жастағы қыз телефон арқылы сөйлесіп жатқан уакытта смартфоны жарылған.

Бұл туралы Daily Mail хабарлады.

Оқиға Одиша штатында болған. Ума Орам есімді қыз смартфонын қуат көзіне қосып, танысына қоңырау шалады. Осы сәтте телефоны жарылып, қыз ауыр жарақаттармен аурухана түскен. Алайда дәрігерлер оны құтқара алмады.

2017 жылдың қарашасында Франция тұрғыны Samsung Galaxy J5 смартфонының жарылып кеткенін хабарлаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы