389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияның Шығыс Гута аймағынан кей қарулы топтар кете бастады

  • 494
  • UPD: 22:34, 23.03.2018
Сирияның Шығыс Гута аймағынан кей қарулы топтар кете бастады

Келісім бойынша кешеден бері Хараста қаласынан гуманитарлық дәліз арқылы «Ахрар аш-Шам» тобының 1 мың 900-дей мүшесі отбасымен бірге аттанып кетті.

Олар арнайы автобустармен Идлиб аймағына қарай бет алған. Оппозициялық күштердің қауіпсіздігін үкімет әскері қамтамасыз етеді. Жалпы биліктің қарулы топтармен келісімі бойынша аймақтан 1 жарым мың содыр мен олардың 6 мың отбасы мүшесі көшуі тиіс. Сондай-ақ қаруын тастап үкімет әскеріне берілемін деген адамдарға рақымшылық ету уәде етілген. Ал Шығыс Гутада оппозициялық күштерге қарсы әскери операция әлі жүріп жатыр. Үкімет әскері өңірдің 80 пайызын бақылауына алған. Ал қақтығыс аймағын 86 мың бейбіт тұрғын тастап шыққан.

Хабар 24 телеарнасы