389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирия әскері Шығыс Гутадағы қос қаланы өз бақылауына алды

  • 513
  • UPD: 12:03, 24.03.2018

Сирия әскері Шығыс Гутадағы лаңкестер ең көп шоғырланған Эйн Терма және Хараста қалаларын толықтай бақылауына алды.

Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары жариялады. Лаңкестер мен олардың отбасылары Хараста қаласынан шығарылып, инженерлік бригада жұмыстарын бастап кетті.

Айта кетейік, Хараста қаласынан 3 мың 34 адам Идлибке көшірілді, оның 1072-сі – лаңкес. Дерек бойынша Дума қаласы әлі содырлардың уысында. Бұл шаһар лаңкестерден азат етілсе, онда Дамаск маңы содырлардан толық тазартылды деуге болады.

Хабар 24 телеарнасы