388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда қаскөйлер полицияға оқ атты

  • 478
  • UPD: 12:18, 25.03.2018
Бразилияда қаскөйлер полицияға оқ атты ТВ Центр

Бразиялияның Рио-де-Жанейро қаласындағы кедей-кепшіктер тұратын аумақта әскери полицейлер қаскөйлермен қақтығысқа түсіп, 7 адам қаза тапты.

Оқиға шаһардағы Росинье деп аталатын ауданда болған. Мұнда көшеде кетіп бара жатқан полиция патруліне кенеттен қаскөйлер шабуылдаған. Тәртіп сақшылары да оқ атып, 7 адамды жаралады. Олардың бәрі алған жарақатынан ауруханада көз жұмды.

Еске сала кетейік, ақпан айының ортасында үкімет Рио-де-Жанейро штатындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді елдің қарулы күштеріне тапсырған болатын. Бұл шара аймақта қылмыстың көбеюіне байланысты қолға алынды. Өйткені былтыр қылмыскерлердің қолынан штатта 6 жарым мыңнан астам адам мерт болған. Олардың ішінде 100-ден астам полицей бар.

Хабар 24 телеарнасы