378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Америкалық ғалымдар мұхитты зерттеуге арналған құлтемір балық жасап шығарды

  • 890
  • UPD: 10:13, 27.03.2018
Америкалық ғалымдар мұхитты зерттеуге арналған құлтемір балық жасап шығарды

Америкалық ғалымдар мұхитты мекендеушілер мен олардың әлеміне кері әсерін тигізбей зерттеу жүргізетін құлтемір балық ойлап тапты.

Салмағы 1 жарым келі, ал ұзындығы 50 сантиметрдей болатын SoFi атты робот қашықтан басқарылып, 18 метр тереңдікке дейін бойлай алады. Басқа құрылғыларға қарағанда шуылы бәсең. Құлтемірге орнатылған батарея 40 минутқа дейін жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мамандардың айтуынша, мұндай құрылғыны теңіз бен мұхит суының ластануын және ондағы балықтар мен жануарлар дүниесін зерттеуге пайдалануға болады.

Хабар 24 телеарнасы