388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шығыс Гутада содырлар қолынан 28 бейбіт тұрғын құтқарылды

  • 358
  • UPD: 15:13, 27.03.2018
Шығыс Гутада содырлар қолынан 28 бейбіт тұрғын құтқарылды

Шығыс Гутаның Эрбин қаласын лаңкестерден тазарту операциясы барысында әскерилер содырлардың тұтқынындағы 28 адамды азат етті.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұған дейін олар бірнеше мәрте бейбіт тұрғындарды осылайша құтқарып келген. Үкімет әскері Шығыс Гутада орналасқан елді мекендердегі лаңкестердің түрмелерінде қамауда отырған бірнеше адамды аман алып қалған. Елдің бірқатар ауданында тізе бүккен лаңкестерді көшіру операциясы жүріп жатыр.

Айта кетейік, Эрбин қаласы және Айн-Терма мен Замалька шаһарлары маңынан 6749 адам шығарылды, оның 1620-сы –радикалдар. Олардың барлығы Сирияның солтүстігіндегі деэскалация аймағы Идлиб провинциясына автобуспен жөнелтілді. Сондай-ақ Дамаск маңындағы Джобар ауданында шоғырланған содырлар өз еркімен қаруын тастап жатыр. Қарулы жасақ бұл ауданнан қаланың бейбіт тұрғындарына оқ жаудырып келген.

Хабар 24 телеарнасы