389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та әскери нысанның біріне жарылғыш салынған сәлемдеме келген

  • 597
  • UPD: 16:02, 27.03.2018
АҚШ-та әскери нысанның біріне жарылғыш салынған сәлемдеме келген Фото: shutterstock

Америка Құрама Штаттар астанасы маңындағы әскери нысандарға белгісіз біреу пошта арқылы жарылғыш зат салынған орама жіберген.

Бұл туралы CNN телеарнасы елдің құқық қорғау органына сілтеме жасай отырып хабарлады. Дерек бойынша, бірінші «сәлемдеме» Виргиния штатындағы Форт Бельвуарға келіп түскен. Оны ашпас бұрын мамандар арнайы құрылғының көмегімен ішінде зиянды зат бар екенін анықтаған. Кейін орамахатқа жарылғыш затпен қатар GPS құрылғысының салынғаны белгілі болды. Ал екіншісі Вашингтондағы Ұлттық Қорғаныс Университетіне жіберілген. Бірақ оның ішінде не болғаны жарияланған жоқ. «Оны мамандар залалсыздандырып үлгерді», – дейді жергілікті ақпарат құралдары. Қазір Федералдық тергеу бюросының қызметкерлері бұл орамахаттарды кім жібергенін анықтап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы