386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Брюссельде такси жүргізушілерінің кесірінен көлік кептелісі туындады

  • 406
  • UPD: 11:01, 29.03.2018

Брюссельде такси жүргізушілер ереуілге шығып, қалада көлік кептелісі туындады.

Бельгия, Франция мен Ұлыбританиядан келген 600-ден астам такси Брюссельдің орталық көшелеріндегі қозғалысты бөгеп тастаған. Ереуілшілер Бельгия үкіметі ұсынған көлік саласын реформалау жобасына қарсы. Реформа лицензияларды таксопарктерге емес, тікелей жүргізушілерге беруді қарастырып отыр. Ал бұл салық төлеуден жалтаратын Uber жүргізушілеріне ғана қолайлы болады екен. Себебі ресми такси жүргізушілері жалақысынан түрлі салық төлеуі тиіс.

Августин Муньянез, такси жүргізушісі:

- Бұл тәртіпсіздіктен кім қандай пайда көріп отыр? Осы жағдай мені қатты алаңдатады. Саланы бір ретке келтіру үшін шара қабылдау қажет. Бәрі заң талаптарын сақтауы тиіс.

Kарим Аснун, Франция такси одағының хатшысы: 

- Еурокомиссия және бүкіл Еуроодақ елдерімізді тонап жүрген банкирлер немесе «Убер» секілді платформаларды емес, өз азаматарын қорғауы керек. Олар жергілікті экономикадан пайда тауып жүргенмен, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатысқысы келмейді.

Хабар 24 телеарнасы