379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Йорк соты Сауд Арабиясының өтінішін қанағаттандырмады

  • 490
  • UPD: 19:49, 29.03.2018
Нью-Йорк соты Сауд Арабиясының өтінішін қанағаттандырмады

Нью-Йорк соты Сауд Арабиясының 2001 жылы 11 қыркүйекте болған қайғылы оқиғаға қатысты істі қарауын тоқтату туралы өтінішін қанағаттандырмады.

Олардың мұндай шешім қабылдауына 2016 жылы қабылданған «Лаңкестік топтарды қолдаушыларға қарсы әділ шешім» атты заң негіз болған. Осы құжат бойынша шабуыл кезінде қаза тапқандардың туыстары шетелдік үкіметке шағымдана алады. Ал Нью-Йорктегі оқиғаға тұрғындардың көбі Эр-Риядты кінәлайды. Айтуларынша, Сауд Арабиясы «Әл-Каида» ұйымының әрекеттерін біле тұра, көз жұмып қараған. Ал корольдік билігі айыптың бәрін жоққа шығарып отыр. Оған қоса егер сот шешімі америкалықтардың пайдасына шешілсе, онда АҚШ-тағы компаниялардың акцияларын сататынын мәлімдеді. Өйткені сот оларды бұғаттап тастауы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы