388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шығыс Гутада әскерилер 36 жанкештіні тұтқындады

  • 292
Шығыс Гутада әскерилер 36 жанкештіні тұтқындады

Сириялық әскерилер Дамаск маңынан жанкешті белбеуін тағынған 36 лаңкесті қамауға алды.

Қаскөйлер Шығыс Гутадағы гуманитарлық дәліздер арқылы бейбіт тұрғындар кейпінде өтпек болған. Радикалдар қатарында 6 әйел бар. «Сана» агенттігінің хабарлауынша, содырлар жарылғыш затты автобус пен лагерьлерде іске қоспақ болған.

Айта кетейік, соңғы бірнеше күнде Шығыс Гутадан 25 мыңға жуық содыр отбасымен бірге Идлиб провинциясына жеткізілді. Ал аймақтан гуманитарлық дәліз арқылы соңғы айда 136 мыңнан астам адам деэскалация аймағына көшірілген. Олар арнайы орындарға жайғастырылып, тиісінше көмек алып жатыр. Бейбіт тұрғындарға қақтығыс өңірінен шығуға 5 сағаттық гуманитарлық үзіліс беріліп отыр. Ол 27 ақпанда жарияланған болатын.

Хабар 24 телеарнасы