389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лондондағы әуежай маңында өрт болды

  • 522
  • UPD: 08:55, 31.03.2018
Лондондағы әуежай маңында өрт болды Корреспондент.net

Лондондағы «Станстед» әуежайының маңында автобус өртеніп, бірнеше сағат бойы барлық ұшақ сапарға шыға алмады.

Оқиға ғимарат алдында тұрақта болды. Жолаушылар автобусының қозғалтқышы дұрыс жұмыс істемей, салдарынан өрт шыққан. Лапылдап жанған көліктен айнала қара түтінге айналған. Сөйтіп ұшақтардың ұшып-қонуына кедергі келтірген. Әуежайдан адамдар тез арада эвакуацияланып, ешкім зардап шеккен жоқ. Тек автобусқа жақынырақ тұрған ғимараттың сыртқы қаптамасы біршама зақымданған.

Хабар 24 телеарнасы