389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шығыс Гута толығымен дерлік әскерилердің бақылауына өтті

  • 465
  • UPD: 21:24, 01.04.2018
Шығыс Гута толығымен дерлік әскерилердің бақылауына өтті

Сирия әскері ел астанасы Дамаскке жақын орналасқан Шығыс Гута аймағының барлығын дерлік бақылауына алды.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, үкіметке қарсы соғысып жатқан қарулы топтардың қолында тек Дума қаласы қалған. Сондай-ақ ондағы бейбіт тұрғындар үшін гуманитарлық дәліз құрылған. Дума шаһарын тастап шыққан адамдарға дәрігерлік және басқа да көмек көрсетіліп жатыр.

Еске сала кетейік, үкімет әскері ақпан айында 2012 жылдан бері оппозициялық күштердің қолында болған Шығыс Гута аймағын шабуылдауды бастаған болатын. Бірнеше аптадан кейін аймақта бекінген кей қарулы топтар өңірді тастап, отбасыларымен бірге Идлиб аймағына көшуге келісті.

Хабар 24 телеарнасы