386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексика түрмесіндегі бүліктен 7 полицей қаза тапты

  • 312
  • UPD: 11:35, 02.04.2018
Мексика түрмесіндегі бүліктен 7 полицей қаза тапты

Мексиканың Веракрус штатындағы түрмеде бас бостандығынан айырылғандар бүлік шығарып, салдарынан 7 полицей қаза тапты.

Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлап жатыр. Оқиға абақтыны бақылауға алу мақсатында жүргізілген арнайы операция кезінде болған. Тұтқындар түрме күзеті басшысының отставкаға кетуін талап етіп бас көтерген. Ерегестің арты тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласып кетті. Қамаудағылар сарбаздарға қарулы қарсылық көрсетіп, мүлікті өртеген. Қазір Мексика прокуратурасы оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы