386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лондонда әлемдік БАҚ өкілдеріне еліміздегі жаңғырулар туралы ақпарат берілді

  • 590
  • UPD: 18:05, 02.04.2018

Лондонда Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінде британиялық және әлемдік БАҚ өкілдеріне елімізде жүргізіліп жатқан жаңғырулар жайлы және Қазақстан президентінің 5 әлеуметтік бастамасы туралы ақпарат берілді.

Беделді халықаралық масс медиа журналистерінің пікірінше, бұл бастамалардың арқасында ең бастысы халықтың жағдайы жақсарып, өмір сүру сапасы артпақ.  

ТКС ВВС, The Financial Times, Al Jazeera, Bloomberg – бұл Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ерлан Ыдырысовпен елшілік қабырғасында кездесіп, елімізде болып жатқан жаңалықтармен танысуға ниет білдірген беделді ақпарат құралдарының толық тізімі емес. Брифинг барысында елші Қазақстанның мемлекет ішінде және шетелде қол жеткізген жетістіктері туралы айтып берді. Ол сондай-ақ БАҚ өкілдерін цифрлық және технологиялық жаңғыруларға бағытталған реформаларымен таныстырды. Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшелігі аясында атқарып жатқан жұмыстары да назардан тыс қалған жоқ.

Дамиан Дуглас, Bloomberg L.P. коммерциялық директоры:

- Бұл шара меніңше, Біріккен Корольдікпен тығыз байланыс орнатып, Қазақстанның әлемдегі ролі: инвестициялық және туристік тартымдылығы туралы қауымдастықтың есіне салуға үлкен мүмкіндік туғызды. Мен Қазақстанды әрдайым қолдап отырамын. Біз «Астана» халықаралық қаржы орталығымен іскерлік әріптестік орнатқанбыз. Мұны мақтан тұтамыз және қарым-қатынасымызды бастауға асықпыз.

Бұл күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауына және 5 әлеуметтік бастамасына ерекше назар аударылды. Әсіресе журналистерді баспана алу мүмкіндіктерін кеңейтуге қатысты жаңалық ерекше қуантты.

Дэвид Харрисон, «Al Jazeera» телекомпаниясының журналист-зерттеушісі:

- Сіздер Біріккен Корольдіктегі жағдаймен таныс шығарсыздар. Мұнда жастарға баспана алу өте қиын. Меніңше, қолжетімді үй кез-келген мемлекет үшін өте жақсы идея және Қазақстан үкіметі бұл мәселені шешеді деген ойдамын. Өйткені бұл халықтың болашағына сенім ұялатып, өмірден өз орнын табуға көп көмектеседі. Жалпы алғанда, мен мұны тек жақсылыққа жоримын.

Брифингте сонымен бірге «Еуразиялық медиафорум» Халықаралық ұйымының бас директоры Руслан Жемков те сөз сөйледі. Оның пайымдауынша, Қор жыл сайын дүние жүзі журналистерін біріктіріп ғана қоймай, әлемдік деігейде қоғамдық пікір қалыптастырушы көшбасшылар мен ірі медиа құрылымдар арасында көпір бола алады. Сөйтіп сөз арасында Жемков шетелдік БАҚ өкілдерін осы жылдың мамыр айында Қазақстанда өтетін XIV Еуразиялық медиафорумға белсенді түрде қатысуға шақырды.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Хабар 24 телеарнасы