385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Фиджи аралдарында дауылдан адамдар қаза тапты

  • 494
  • UPD: 19:02, 02.04.2018
Фиджи аралдарында дауылдан адамдар қаза тапты

Фиджи аралдарында «Джози» дауылы мен нөсер жауын кесірінен тасқын жүріп, 4 адамның өмірін жалмады.

Тағы бір адам із-түзсіз жоғалып, табылмай жатыр. Жергілікті полиция қызметкерлері іздеу-құтқару операциясын бастады. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, табиғаттың тосын мінезінен Фиджидегі ең үлкен Витилеву аралы қатты жапа шекті. Мұнда 70 жол жабылып, көлік қатынасы тоқтады. Жергілікті метеорологтардың болжамы бойынша тропикалық дауыл бір-екі күн жалғасуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы