386,44 428,48 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Йоркте Пасха мерекесіне орай бас киімдер шеруі өткізілді

  • 944
  • UPD: 20:49, 02.04.2018

Нью-Йорктің мыңдаған тұрғыны Пасха мерекесінің құрметіне бас киімдер шеруін өткізді.

Бұл жерден түрлі түсті және ерекше үлгідегі қалпақтарды байқауға болады. Кейбір қатысушылар мерекемен байланыстырып, жұмыртқа үлгісінде киінсе, енді бірі саяси астары бар қалпақтар тіккен. Ерекше бас киіммен көптің назарын өзіне аудару үшін қатысушылар көп уақытын сарп етіпті.

Айта кетейік, Нью-Йоркте Пасха мерекесіне арналған шеру 1870 жылдан бері өтіп келеді. Әу баста байлар мұндай шараға барын киіп келуге тырысқан. Кейін бәсекелестік артып, арнайы сәнді бас киім тіктіру әдетке айналған.

Хабар 24 телеарнасы