385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда аутизммен ауыратындар саны жыл сайын артып келеді

  • 534
  • UPD: 22:44, 02.04.2018
Оңтүстік Кореяда аутизммен ауыратындар саны жыл сайын артып келеді

Оңтүстік Кореяның әйгілі нысандары аутизмнің символы - көк түске боялды.

Бүкіләлемдік аутизм жайлы ақпарат тарату күніне олар осылайша қолдау көрсетті. Қазіргі таңда аутизмнен зардап шегіп отырған Оңтүстік кореялықтарды арнайы құрылған қауымдастық өз қамқорлығына алған. Оларға білім алуға, жұмыс табуға, қоғамға бейімделуге көмектеседі.

Квон О Хён, аутизммен ауыратындарды қолдау қауымдастығының атқарушы директоры:

- Корея Республикасында аутизммен ауыратындар саны жыл сайын ұлғайып келеді. Қазір олардың саны 22 мың адам. Бұл көрсеткіш қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты емес, тек қана өткен жылмен салыстырғанда аутизмді анықтаудың ғылыми өлшемдері өзгерді. Қазір Кореяда мүгедектерді тіркеу жүйесі енгізілуде. Олар үшін мемлекет оңалту бағдарламасын қарастырып жатыр. Бұрын аутизммен немесе басқа да сырқатқа шалдыққандар қоғамның өздеріне деген көзқарасынан кейін мүмкіндігі шектеулі жандар ретінде тіркелуге асықпайтын. Қазір оларға деген адамдардың оң қарым-қатынасының арқасында тіркелгендер саны көбеюде.

Хабар 24 телеарнасы