383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


YouTube порталының штаб-пәтеріндегі атыстың себебі анықталды

  • 342
  • UPD: 12:53, 04.04.2018

АҚШ-тың Сан Бруно қаласындағы YouTube штаб-пәтерінде атыс болды. Салдарынан 4 адам жараланған.

Оқ атқан адам оқиға орнында мерт болды. Компания қызметкерлерінің айтуынша, атысты әйел адам ашқан. Ол ғимаратқа басып кіріп, маңайындағыларға оқ жаудырған. Кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Жараланғандардың үшеуіне оқ тиді. Біреуі абдырап жүріп, аяғын қайырып алған. Барлығы ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына жеткен арнайы жасақ мамандары ғимараттағылардың барлығын шығарып, тексеру жұмыстарын жүргізді. Жергілікті арналардың хабарлауынша, атыстың террорлық шабуылға қатысы жоқ. Алдын ала божам бойынша елді дүрліктірген оқиға қыз бен жігіт арасындағы қызғаныштан туындаған болуы мүмкін. Әзірге көпшілікке оқ атқан бойжеткен туралы ешқандай ақпарат жоқ.

Эд Барберини, Сан Бруно полициясы: 

- Ғимаратты толық тексеріп шықтық. Қоғамға қауіп төніп тұрған жоқ. Құқық қорғаушылар, криминалдық зертхана мамандары барлығы осы жерде. YouTube компаниясымен тығыз байланыс орнаттық. Әлі де із кесу, тексеру жұмыстарын жүргіземіз.

Хабар 24 телеарнасы