386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилия халқы елдің бұрынғы президентін түрмеге қамауды талап етті

  • 506
  • UPD: 17:24, 04.04.2018
Бразилия халқы елдің бұрынғы президентін түрмеге қамауды талап етті

Бразилияның ең ірі екі қаласы Сан-Паулу мен Рио-де-Жайнейро тұрғындары жаппай ереуілге шықты.

Олар елдің бұрынғы президенті Лула да Силваның түрмеге жабылуын талап етіп отыр. Өйткені жоғарғы сот алдағы күндері экс-президентке қатысты істі қайта қарамақ. Онда Лула да Силваның жазасын қалай өтейтіні туралы шешім шығарылады.

Айта кетейік, Лула да Силва Бразилияны 2003-2011 жылдары басқарды. 2017 жылы жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен басы дауға қалып, кінәлі деп табылды. Алайда қорғаушылары жоғарғы сотқа шағым түсірген. Жалпы бұған дейін ол елде биыл өтетін президент сайлауына қатысуды жоспарлап отырғанын мәлімдеген еді.

Хабар 24 телеарнасы