386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италиялық мамандар жазылмайтын дерттің емін тапты

  • 787
  • UPD: 10:53, 05.04.2018

Дюшен бұлшық ет дистрофиясының емі бар көрінеді.

Дауасыз дерттің шипасын италиялық ғалымдар ойлап тауыпты. Биология және молекулярлық патология институтының зерттеу тобы жасанды генды шығарған. Ағзаға енгізілгеннен кейін ол утрофинның шығарыла бастауына әсер етеді. Ал утрофин – адам ағзасында дистрофинды ауыстырып, оның қызметін атқара алатын ақуыз. Әдетте дистрофинның жетіспеуі бұлшық ет дистрофиясына әкеліп соғады. Тышқандарға жасалған тәжірибелер жасанды геннің тиімділігін дәлелдеген. Қазіргі кезде Дюшен дистрофиясы жазылмайтын генетикалық ауыр дерт саналады. Статистикалық мәлімет бойынша үш жарым мың ұл баланың біреуі осы аурумен дүниеге келеді екен. Науқасқа шалдыққандар 12 жасында жүруден қалып, жастай шетінеп кетеді.

Клаудио Пассананти, биология және молекулярлық патология институтының қызметкері:

– Қазіргі мақсатымыз – ойлап тапқан әдісімізді адам емдеу үшін қалай қолдануға болатынын түсіну. Ең бастысы, бұл фармацевтикалық компаниялар осы еңбегімізге қызығушылық білдіруіне байланысты болып отыр. Ғылыми зерттеу барысында қыруар қаражат қажет ететін кез келеді, сол себептен оны жалғастыру үшін қолдау керек.

Хабар 24 телеарнасы