384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


YouTube қауіпсіздік шараларын күшейтті

  • 354
  • UPD: 10:25, 05.04.2018
YouTube қауіпсіздік шараларын күшейтті Фото: GeekLand.ru

YouTube-тің штаб-пәтерінде болған атыстан кейін компания барлық кеңсесіндегі қауіпсіздікті күшейтуді ұйғарды.

Бұл туралы Google компаниясы Twitter-дегі аккаунтында жария етті. Естеріңізге сала кетейік, 39 жастағы Насим Агдам есімді әйел сейсенбіде YouTube ғимаратында оқ атып, 3 адам жарақаттанды. Қаскөй оқиға орнында көз жұмды. Ол ғимаратқа басып кіріп, маңайдағыларға оқ жаудырған. Артынша өз-өзіне қол жұмсаған. Оқиға орнына жеткен арнайы жасақ ғимараттағылардың барлығын шығарып, тексеру жүргізді. Жергілікті арналардың хабарлауынша, қаскөйдің бұл қадамға баруына нақты не түрткі болғаны анықталған жоқ. Бірақ ол Youtube оның видеоларына шектеу қойып, қаражат табуға кедергі келдірді деп шағымданған.

Хабар 24 телеарнасы