386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Стокгольмдегі Португалия елшілігінде болған өрттен 14 адам жапа шекті

  • 344
  • UPD: 09:13, 05.04.2018
Стокгольмдегі Португалия елшілігінде болған өрттен 14 адам жапа шекті Фото: ru.euronews.com

Швеция астанасындағы Португалия елшілігінде өрт шығып, 14 адам зардап шекті.

Ғимараттағылар дереу қауіпсіз жерге шығарылды. Лаулаған жалын өкілдіктің бірнеше қабатына жайылып, ғимараттың төбесі құлау қаупі болған. Бірақ өрт сөндірушілер бірнеше сағат күресіп, тілсіз жауды ауыздықтады. Оны сөндіруге 50 маман мен оншақты техника жұмылдырылды. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз. Алайда полиция от елшілікке қасақана қойылды деп күдіктеніп отыр. Оқиғаға қатысты 50 жастағы бір ер адам қамауға алынған.

Хабар 24 телеарнасы