389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Д.Трамп Мексикамен шектесетін аймақты қорғауға кірісті

  • 364
  • UPD: 14:15, 05.04.2018
Д.Трамп Мексикамен шектесетін аймақты қорғауға кірісті

Ақ үй басшысы Дональд Трамп Мексикамен шектесетін аймақты қорғауға Ұлттық гвардияны жұмылдыру туралы меморандумға қол қойды.

Құжат бойынша қорғаныс министрлігі елге ағылған қылмыскерлер мен заңсыз мигранттар легімен күресте ішкі қауіпсіздік министрлігіне көмектесуі тиіс. Қос министрлік алдағы 30 күн ішінде қандай шара қолданатыны туралы есеп беруге міндеттелді.

Айта кетейік, заңсыз мигранттардың Мексикадан АҚШ-қа келуін тежеу Трамптың сайлауалды уәдесінің бірі болатын.

Хабар 24 телеарнасы