384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түрік лирасы жыл басынан бергі құнын 6%-ға жоғалтты

  • 451
  • UPD: 19:27, 06.04.2018
Түрік лирасы жыл басынан бергі құнын 6%-ға жоғалтты

Түріктің ұлттық валютасы құнсызданудың шарықтау шегіне жетті.

Бүгін түрік лирасының АҚШ долларына шаққандағы бағамы 4,06 құрап, жыл басынан бергі құнын 6%-ға жоғалтты. Оған Түркиядағы жоғары инфляция мөлшері мен ағымдағы шоттың тапшылығы және аймақтағы геосаяси ахуал себеп. Сондай-ақ экономист сарапшылардың пайымдауынша, әлемдік қаржы нарығына салқынын тигізіп үлгерген АҚШ пен Қытай арасындағы сауда кикілжіңі де ұлттық валюта бағамын құбылтып отыр.

Мұрат Турфан, экономист:

Былтыр қор биржадағы сауда-саттыққа назар аударсақ, террорлық шабуылдар мен әскери операция барысында лираның құны төмендеген. Өйткені Түркияда ұлттық валюта бағамы елдің ішкі тұрақтылығы мен саяси ахуалға қатты тәуелді. Ал қазіргі жағдай әлемдік қор биржаларындағы тұрақсыздықтан туындап отыр. АҚШ пен Қытайдың сауда соғысы да жаһандық экономикаға салқынын тигізбей қоймайды. Қазір әлемдік нарық осындай жағымсыз факторларға өте сезімтал.

Хабар 24 телеарнасы