389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шығыс Гута аймағында әуе соққысынан 27 адам қаза тапты

  • 360
  • UPD: 12:47, 07.04.2018
Шығыс Гута аймағында әуе соққысынан 27 адам қаза тапты

Шығыс Гута аймағындағы Дума қаласы әуеден атқыланып, 27 адам қаза тапты.

Арасында балалар мен әйелдер бар. Сириядағы адам құқығын қорғау орталығының мәліметтеріне қарағанда соққыны үкіметтің әскери әуе күштері жасаған. Бұған дейін шаһарда бекінген содырлар ресми Дамаскпен уағдаласқан келісімді бұзып, гуманитарлық дәліздерді атқылады деген ақпарат тараған еді. Ол кезде 4 адам мерт болып, 22-сі жараланған. Айта кетейік, Дума  лаңкестердің Сириядағы соңғы бекінісі. Содырлар мен биліктің келісімі бойынша бүгінде қақтығыс аймағынан бейбіт тұрғындармен қатар лаңкестер де шығып жатыр. Олар Идлиб қаласына көшуде.

Хабар 24 телеарнасы