389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирия әскерилері қарулы топ бекінген Дума қаласын шабуылдады

  • 359
  • UPD: 07:45, 08.04.2018
Сирия әскерилері қарулы топ бекінген Дума қаласын шабуылдады Фото: Ammar Safarjalani Xinhua / globallookpress

Сирия әскері Шығыс Гутадағы қарулы топтардың соңғы бекінісі Дума қаласының шетіне кірді.

Шабуыл бірер күн бұрын басталған. Өйткені шаһарға бекінген оппозициялық күштер келісімді бұзып, гуманитарлық дәліз арқылы қаладан шықпақ болған бейбіт тұрғындарды атқылаған. Сонымен қатар Дамаск қаласын да бірнеше рет нысанаға алған. Осыдан кейін әскерилер шаһарды 4 бағыттан шабуылдауға кірісті. Қалада оппозициялық күштердің 2 мыңнан астам мүшесі бекінген.

Еске сала кетейік, Сирия әскері ақпан айында Дамаск түбіндегі Шығыс Гута өңірін шабуылдауды бастады. Бірнеше аптадан кейін аймақта бекінген кей қарулы топтар отбасыларымен бірге Идлиб өңіріне көшуге келісті. Бірақ Дума қаласындағы әлдебір топтар мұндай уағдаластықтан бас тартқан.

Хабар 24 телеарнасы