387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғаламтор желісінде улы заттан зардап шеккен сириялықтар бейнеленген видео пайда болды

  • 429
  • UPD: 14:00, 08.04.2018
Ғаламтор желісінде улы заттан зардап шеккен сириялықтар бейнеленген видео пайда болды

Сирияның Дума қаласында химиялық қару қолданылды деген ақпарат тарап жатыр.

Интернет желісінде улы заттан зардап шеккен адамдар бейнеленген видео пайда болды. Көтерілісшілердің айтуынша, үкімет әскері елді мекенге улы жарылғыш зат лақтырған. Салдарынан кемінде 35 адам қаза тауып, жүздеген кісі жарақат алған. Алайда ресми Дамаск тағылған айыпты мойындамай отыр. «Бұл жалған ақпаратты Джейш аль-Ислам тобының содырлары таратып отыр», – дейді жергілікті билік.

Ондағы мақсат – үкімет әскерінің шабуылына кедергі келтіру. Айта кетейік, қазір Сирия әскері Дума қаласы маңында радикалдарға қарсы операция жүргізіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы