388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияда қарулы топтар Дума қаласынан кетуге келісім берді

  • 455
  • UPD: 23:05, 08.04.2018
Сирияда қарулы топтар Дума қаласынан кетуге келісім берді

Сирияның Шығыс Гутадағы Дума қаласына бекінген «Джейш аль-Ислам» қарулы топтары шаһардан кетуге келісті.

Бұл туралы тараптарды мәмілеге шақыру орталығы мәлімдеді. Уағдаластыққа Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында үкімет пен осы топ өкілдері арасында жүргізілген келіссөз кезінде қол жеткен. Қарулы топтарды шаһардан шығару операциясы бүгіннен басталмақ. Ал ресми дерекке сәйкес, наурыз айынан бері қаладан 700-ден астам содыр мен 30 мыңға жуық бейбіт тұрғын кеткен.

Айта кетейік, бірер күн бұрын үкімет әскері Дума қаласын шабуылдауды бастады. Себебі шаһарға бекінген радикалды топтар билікпен келісімді бұзып, гуманитарлық дәліз арқылы қауіпсіз аудандарға өтпек болған тұрғындарға оқ атқан. Осыдан кейін әскерилер шаһарды шабуылдауға шешім қабылдайды.

Хабар 24 телеарнасы