389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арменияның жаңа президенті ант берді

  • 482
  • UPD: 17:16, 09.04.2018
Арменияның жаңа президенті ант берді Фото: Sputnik

Бүгін Арменияның төртінші президенті Армен Саркисян ант берді.

Салтанатты шара жергілікті парламенттің арнайы жиналысында өткен. Инагурация рәсімінен кейін Армения парламенттік билік түріне ауысатыны хабарланған болатын. Алғаш рет ел тарихында президентті халық емес, парламент депутаттары сайлаған болатын. Президенттік биліктен парламенттік билік түріне ауысуды бекіткен 2015 жылғы конституциялық реформа бойынша президентті сайлаудың осы рәсімі қабылданған еді. 2 наурызда өткен сайлауда Армен Саркисян үшін 90 депутат дауыс берсе, 10 депутат қарсы болған.

Хабар 24 телеарнасы