389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда мектеп автобусы апатқа ұшырап, 26 бала қаза тапты

  • 496
  • UPD: 10:16, 10.04.2018

Үндістанның Химачал-Прадеш штатында мектеп автобусының қатысуымен жол апаты болды.

Салдарынан кем дегенде 26 бала қаза тапқан. Бұл туралы NDTV телеарнасы хабарлады. Телеарнаның ақпарынша, автобус тереңдігі 30 метр шатқалға құлап аударылған. Жол апатының себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында құтқару қызметінің мамандары жұмыс істеуде. Автобуста жекеменшік мектептің 5-сынып және кіші сынып оқушылары болған. Автобуста барлығы 40-қа жуық оқушы болыпты.

Хабар 24 телеарнасы