389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Франция полициясы табиғат жанашырларына қарсы операция бастады

  • 476
  • UPD: 09:27, 10.04.2018
Франция полициясы табиғат жанашырларына қарсы операция бастады

Себебі белсенділер билік жаңа әуежай салынады деп жоспарлаған жерге келіп, қоныстанып алған.

Осылайша, құрылыс жұмыстарын жүргізуге қарсы екендіктерін көрсетуге тырысқан. Оларды көшіру үшін 2 жарым мыңдай сарбаз жұмылдырылды. Шамамен 250-ге жуық белсендінің бұл жерде тұрып жатқанына 3 айға жуық уақыт болған. Айта кетейік, президент Эммануэль Макронның әкімшілігі елдің батысында салынатын бұл әуежай құрылысын бастаудан қаңтар айында бас тартқан еді. Дегенмен, бастаманы жақтаушылар бар. Олар «егер әуежай салынса, жылына 4 миллион адамға қызмет көрсетіп, аймақтың экономикалық ахуалын жақсартар еді» дейді.

Хабар 24 телеарнасы