388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нотр-Дам де-Ланд шетіндегі заңсыз қоныстанған адамдар таратылып жатыр

  • 352
  • UPD: 09:54, 11.04.2018
Нотр-Дам де-Ланд шетіндегі заңсыз қоныстанған адамдар таратылып жатыр

Францияның Нотр-Дам де-Ланд қаласының шетінде заңсыз қоныстанған адамдарды тарату шарасы жүріп жатыр.

Бұл орындар 2009 жылы шаһар шетінде әуежай салуға қарсы наразылық ретінде пайда болған. Бірақ содан бері қаңғыбастардың да мекеніне айналған. Сондықтан жергілікті билік оны бұзып, мекендеушілерін күштеп көшіруді шешкен. Алайда осымен екінші күн жалғасқан операция кезінде тәртіп сақшылары он шақты тұрғынды ғана шығара алды. Биліктің бұл әрекетіне қарсы Нант қаласында да шеру өтті.

Айта кетейік, Францияның батысында жаңа әуежай тұрғызу туралы жоспар жарты ғасыр бұрын пайда болған. Билік одан тек биыл қаңтар айында бас тартқан. Осыған қарамастан әуежайды сылтауратқан заңсыз қоныстанушылар лашықтарын тастап кетуге асығар емес.

Хабар 24 телеарнасы