389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапониялық атай әлемдегі ең қарт ер адам атанды

  • 552
  • UPD: 11:13, 11.04.2018

112 жастағы жапон Мосадзо Нонака әлемдегі ең егде жастағы ер адам деп танылып, Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Осы атаулы оқиғаға қатысты ұзақ жасаушы қартқа оның сүйікті тағамы жидек қосылған балкүлше сый етілді. Нонака 1905 жылы 25і шілдеде орыс-жапон соғысы аяқталуға 42 күн қалғанда дүниеге келіпті. Өзінің бар ғұмырын Хоккайдо аралындағы Асёро қаласында өткізген Нонака фермер және отыншы болып жұмыс істеп, кейін шаһардағы шипажайды басқарған. Екі ұл мен үш қыз тәрбиелеп өсірген қарияға үзеңгілес замандастары қызыға да қызғана қарайды.

Сачико Такахаси, Асёро қаласының тұрғыны:

– Бұл керемет. Егер біз күн сайын жаттығатын болсақ, осылай ұзақ өмір сүретін едік.

Ал Гиннес рекордтар кітабы бойынша әлемде ең ұзақ жасаған адам – француз Жанна Кальман. Кейуана 122 жасап, дүниеден озған.

Хабар 24 телеарнасы