385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тың Сириядағы химиялық шабуылды тергеу туралы қарары бұғатталды

  • 601
  • UPD: 11:52, 11.04.2018
АҚШ-тың Сириядағы химиялық шабуылды тергеу туралы қарары бұғатталды

БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде Ресей АҚШ-тың Сириядағы химиялық шабуылды тергеу туралы қарарын бұғаттап тастады.

Құжатты қолдап Кеңеске мүше 12 ел дауыс берсе, Ресей мен Боливия қарсы шыққан, ал Қытай қалыс қалды. Ресей Федерациясының тұрақты өкілінің айтуынша, Вашингтон кезекті рет Кеңеске мүше елдер бірауыздан қолдамайтын құжатты дауысқа салып отыр.

Айта кеткен жөн, Ресей ұсынған 2 резолюция жобасы да қабылданған жоқ. Өйткені бұл құжаттарды көпшілігі қолдамаған.

Василий Небензя, Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі:

– Егер резолюция қабылданған жағдайда оның жүзеге асыру үшін бірнеше ай кетеді. Кінәлілерді табу ұзаққа созылады. Тергеу жүргізілмей тұрып айыптыларды анықтап қойсаңыздар, бұл механизмнің не керегі бар?

Никки Хейли, АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі:

– Ресей ұсынған резолюция бойынша Мәскеу Сириядағы химиялық шабуылды тергеумен айналысатын сарапшыларды өзі таңдай алады. Бірақ тергеуді тәуелсіз сарапшылар жүргізуі тиіс. Бізге керегі осы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Дума қаласында Сирия әскері химиялық қару қолданып,ондаған бейбіт тұрғын қаза тапты деген ақпар желіде тарап кеткен еді. Көтерілісшілердің айтуынша, үкімет әскері жарылғыш заты бар бомбаны елді мекенге лақтырған. Ал ресми Дамаск болса өзіне тағылған айыпты мойындамай отыр.

Хабар 24 телеарнасы