387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Франция мен Ұлыбритания АҚШ-пен коалицияға бірігуі мүмкін

  • 687
  • UPD: 13:22, 11.04.2018
Франция мен Ұлыбритания АҚШ-пен коалицияға бірігуі мүмкін

Америка Құрама Штаттары мен бірқатар батыстық елдер өз кезегінде Сирияның Дума қаласында химиялық шабуыл жасағандарға карымта соққы жасауы мүмкін.

АҚШ президенті Дональд Трамптың сөзі осыған саяды. Тіпті Ақ үй басшысы бұл процесті жіті қадағалау үшін Перу мен Колумбияға сапарын кейінге қалдырған. Ол АҚШ-тың батыл қадамға барудан тайсалмайтынын айтып, Вашингтонның бірнеше соққы жасай алатынын алға тартты. Франция мен Ұлыбритания елдері АҚШ-пен коалицияға бірігуі мүмкін. Олар осы мәселеге қатысты келіссөз жүргізіп жатыр. Ал нақты шешімді жақын күндері жария етеді. Австралияның сыртқы істер министрі Вашингтонды қолдауға дайын екендігін жеткізді. Сауд Арабиясы билігі де осындай пікірді ұстанып отыр.

Эммануэль Макрон, Франция президенті:

– Бұл ұстанымды бірқатар ел қолдап отыр, бірақ оның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде болған пікірталасқа еш қатысы жоқ. Техникалық және стратегиялық әрекеттерді АҚШ және Ұлыбританиямен бірге талқылап жатырмыз. Қандай шешім қабылданатынын жақын арада жариялаймыз.

Хабар 24 телеарнасы