385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британия Сирияда химиялық қару қолданған тараптарға қарсы соққы беруі мүмкін

  • 484
  • UPD: 11:03, 13.04.2018
Британия Сирияда химиялық қару қолданған тараптарға қарсы соққы беруі мүмкін

Ұлыбритания Сирияда химиялық қару қолданғандарға қарымта жауап қайтарады.

Корольдіктің министрлер кабинеті осындай байламға келді. Мәселені талқылау үшін үкімет мүшелері арнайы жиын өткізді. Олар Сирияда болған жағдайға ел президенті Башар Асад билігі жауапты деп отыр. Енді Корольдіктің премьер-министрі одақтастары АҚШ және Франция басшылығымен келісіп, химиялық қару қолданғандарға қарсы бірлесіп соққы беруі мүмкін. Әлемдік басылымдардың хабарлауынша, қазірде Британияның Кипрдегі әскери әуе базасындағы ұшақтар соққы жасауға сақадай сай тұр.

Айта кетейік, АҚШ-тың «Гарри Трумэн» соққы беруші әскери-теңіз тобы Норфолктағы базасынан шығып, Таяу Шығысқа аттанды. Бұл соққы беруші топтың Таяу Шығысқа аттандырылуы Сириядағы жағдайдың шиеленісуімен тұспа-тұс келіп тұр. Себебі бұған дейін президент Дональд Трамп «Дума қаласында химиялық қару қолданды» деген айыппен Сирия үкіметінің әскеріне соққы беретінін мәлімдеген болатын.

Джереми Корбин, парламент мүшесі: 

- Химиялық қаруды қолдану халықаралық және адамгершілік ұстанымға қайшы. Мұндай жауыздықтың алдын алу Біріккен Ұлттар Ұйымының міндеті. Қазір мамандар Дума қаласында тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Нәтижесі анықталғаннан кейін нақты шаралар қабылдағанымыз жөн болар. Өйткені кез келген соққыдан қарапайым халық зардап шегеді. Сирия соғысына қатысушы барлық тараптар мәселені саяси жолмен шешуідің жолдарын қарастыруы керек.

Хабар 24 телеарнасы