387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


НАТО химиялық қару қолдануды айыптайды

  • 697
  • UPD: 07:27, 15.04.2018
НАТО химиялық қару қолдануды айыптайды Delfi

Солтүстік альянс одағы Думадағы химиялық қаруды қолданғандарды жауапқа тартудың халықарлық жүйесін құруға шақырды.

Бұл туралы НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді. Ол НАТО-ның  Сирияда химимялық қару қолдануды қатаң айыптайтынын айтып, Дамаск, Мәскеу және Тегераннан шам еліне гуманитарлық көмек беруге жағдай жасауға шақырды.

Йенс Столтенберг, НАТО Бас хатшысы:

- НАТО-ға мүше барлық ел өткен түнгі соққыны қолдайтынын білдірді. Бұл әрекет Сирия билігінің химиялық қаруды қолдану мүмкіндігін жоюға бағытталған. НАТО Сирия билігінің химиялық қаруды қайта қолдануын қатаң айыптайды.

Хабар 24 телеарнасы