387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі Сирияға жасалған соққылар туралы есеп берді

  • 720
  • UPD: 09:09, 15.04.2018
АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі Сирияға жасалған соққылар туралы есеп берді ТАСС

Пентагонның мәлімдеуінше, АҚШ, Ұлыбритания және Франция бірігіп Сирия аумағына жалпы саны 105 зымыран ұшырған.

Олардың 76-сы Дамасктегі зерттеу орталығын, 22-сі Хомс қаласындағы химиялық қару қоймасын және жетеуі жерасты бекінісіне бағытталған. АҚШ қарулы күштері штабының басшысы генерал Кеннет Маккензидің айтуынша, Сирия әуе қорғаныс жүйесі бұл зымырандардың ешқайсысына тойтарыс бере алмаған.

Айта кетейік, Ресей тарапы бұған дейін сириялық әскерилер 70 зымыранды атып түсіргенін хабарлаған болатын.

Кеннет Маккензи, АҚШ қарулы күштері штабтарының басшысы:

- Біз бейбіт халыққа зиян келмеу үшін нысаналарды өте мұқият таңдадық. Соққы жасауымыздың басты мақсаты – химиялық қаруға қарсылық білдіру. Сирия билігінің жазықсыз тұрғындарға жасаған әрекетіне төзе алмайтынымызды көрсету.

Хабар 24 телеарнасы