385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Режеп Тайып Ердоған: Сирияның халыққа қарсы химиялық қару қолдану әрекетін жауапсыз қалдыруға болмайды

  • 536
  • UPD: 10:35, 15.04.2018
Режеп Тайып Ердоған: Сирияның халыққа қарсы химиялық қару қолдану әрекетін жауапсыз қалдыруға болмайды ТВ Центр

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған АҚШ, Ұлыбритания және Францияның Сирияға жасаған соққыларын әділ қадам деп қабылдайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ ол Ресей мен АҚШ-тың Сирияға қатысты ұстанымдарын бір арнаға тоғыстырып, бейбіт байламға келтірудің маңызды екенін атап өтті.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:

- Асад билігінің халыққа қарсы химиялық қару қолдану әрекетін жауапсыз қалдыруға болмайды. Зұлмат қару кесірінен жазықсыз әйелдер мен балалар мерт болды. Сондықтан оларға қарсы атылған бұл соққыларды құп көрдік. Ерте ме, кеш пе жауаптылардың жазаланатыны белгілі.

Хабар 24 телеарнасы